
Кафедра меңгерушісі
Байысбай Меруерт Пернебайқызы
т.ғ.к., доцент, профессордың м.а.
Жұм.тел.:
8 (727) 396-71-33 (ішкі. 114)
E-mail:
b.meruert@atu.edu.kz, meruert_80@mail.ru
Кафедраның мекен-жайы:
Фуркат к., 348/4, корпус 2А, 4 этаж, каб. 402
«Нан өнімдері және өңдеу өндірістерінің технологиясы» кафедрасы
«Нан өнімдері және өңдеу өндірістерінің технологиясы» кафедрасы 1967 жылы «Арнайы технологиялар» кафедрасының негізінде құрылып, Алматы технологиялық университетінің бейіндік кафедрасы болып табылады.
Алғашқы мамандар түлегі 1971 жылы бітірді. Түлектер астықты сақтау және өңдеу бойынша инженер-технолог біліктілігін алды.
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы жоғары білікті ғалымдар мен ғылыми-педагогикалық және өндірістік тәжірибесі мол мамандардан тұрады. Кафедрадағы ПОҚ саны – 38 адам, оның ішінде 27-і штаттық оқытушы. Кафедра құрамында 7 ғылым докторы, 8 ғылым кандидаты, 14 PhD докторы және ғылым магистрлер жұмыс істейді.
Кафедраны әр жылдары белгілі ғалымдар мен педагогтер басқарды: Л.И. Джумагулова, Т.Д. Баярстанов, Б.К. Идгеев, М.Г. Росляков, К.Б. Байболов, А.И. Изтаев, Г.К. Искакова, С.Т. Жиенбаева, Э.Б. Аскарбеков. Қазіргі уақытта кафедра меңгерушісі – техника ғылымдарының кандидаты, профессор Байысбай Меруерт Пернебайқызы.
Кафедраның ғалымдары мен қызметкерлері жыл сайын Қазақстан Республикасының тамақ өнеркәсібінің жетекші кәсіпорындарында, сондай-ақ Болгария, Италия, Германия, Испания және басқа елдердің университеттері мен ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтеді.
Кафедрада:
Кафедра ғалымдары тамақ технологиясы бойынша мамандар даярлауды ғылыми зерттеулер жүргізумен және ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлаумен табысты ұштастырады.
Кадрлар даярлау білім берудің үш деңгейлі жүйесі бойынша жүзеге асырылады: «Бакалавриат – Магистратура – Докторантура».
6В07202 – «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (тамақ саласы бойынша)» бакалавриат білім беру бағдарламасы 2012 жылы ASIIN (Германия) агенттігінің халықаралық аккредитациясынан өтіп, 2017 және 2024 жылдары қайта аккредитациядан сәтті өтті. Бағдарлама түлектеріне инженерлік білім берудің еуропалық сапа белгісі EUR-ACE® беру құқығына ие.
|
|
![]() |
![]() |
«Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» магистратура және докторантура білім беру бағдарламалары 2017 және 2025 жылдары ASIIN (Германия) агенттігінің халықаралық аккредитациясынан өтті.
Аккредиттеу және рейтингтің ұлттық агенттігі (НААР), Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік (НАОКО) және «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының рейтингтерінде «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» бакалавриат, магистратура және докторантура білім беру бағдарламалары жыл сайын Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында көшбасшы орындарды иеленіп келеді.
«Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» ББ ұлттық рейтингтерінің қорытындылары
|
Агенттік |
2020 |
2021 |
2022 |
2023 |
2024 |
2025 |
|
6В07202 – ҚӨӨТ (НААР) |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
|
6В07202 – ҚӨӨТ (НАОКО) |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
|
6В07202 – ҚӨӨТ («Атамекен») |
5 |
3 |
1 |
2 |
1 |
1 |
|
7М07202 – ҚӨӨТ (НААР) |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
|
7М07202 – ҚӨӨТ (НАОКО) |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
|
8D07202 – ҚӨӨТ (НААР) |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
|
8D07202 – ҚӨӨТ (НАОКО) |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
«Нан өнімдері және қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» кафедрасы жыл сайын Алматы технологиялық университеті кафедраларының рейтингінде көшбасшы орындарды иеленіп, Қазақстан Республикасының тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі үшін жоғары білікті кадрлар даярлауға елеулі үлес қосып келеді.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы жыл сайын серіктес жоғары оқу орындарында және алыс және жақын шет елдердің ҒЗИ-да біліктілікті арттыру курстары мен ғылыми тағылымдамалардан, ҚР жетекші тағам кәсіпорындарында өндірістік тағылымдамалардан өтеді, ғылыми-әдістемелік семинарлар мен конференцияларға, көрмелерге және басқа да іс-шараларға қатысады.
|
Бакалавриат |
БББ 6В07202 «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (тағам саласы бойынша)» |
|
6В07202 БББ оқыту траекториялары: |
«Астық және жарма өнімдерінің технологиясы» «Нан-тоқаш, макарон және кондитерлік өнімдерінің технологиясы» «Алкогольсіз сусындар және ашыту өнімдерінің технологиясы» |
|
Магистратура |
7M07202 «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (тағам саласы бойынша)» БББ |
|
Докторантура |
8D07202 «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (тамақ саласы бойынша)» БББ |
2012 жылы бакалавриаттың «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» білім беру бағдарламасы халықаралық аккредиттеуден өтті, 2017 және 2024 жылдары «Еуро-инженер» (EUR-ACE®) белгісін тапсыру құқығымен ASIIN (Германия) агенттігінде қайта аккредиттеуден өтті.
2017 және 2025 жылы магистратура мен докторантураның «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» білім беру бағдарламалары ASIIN (Германия) агенттігінде халықаралық аккредиттеуден өтті.
Ұлттық агенттіктердің рейтингтерінде («Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз қазақстандық агенттілік» және Аккредиттеу және рейтингтің ұлттық агенттігі») «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» бакалавриат, магистратура және докторантураның білім беру бағдарламалары жыл сайын бірінші орындарды алады.
2020, 2023, 2024 жылдары жоғары оқу орындары арасында Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің рейтингіне қатысушылар арасында В068 «Тамақ өнімдерін өндіру» білім беру бағдарламаларының тобы 1 орынға ие болды!
2021 және 2023, 2024, 2025 жылдары жоғары оқу орындары арасында "Атамекен" рейтингінде «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (салалар бойынша)» БББ 1 орынды иеленді!
2022 жылы В068 «Тамақ өнімдерін өндіру» білім беру бағдарламаларының тобы жоғары оқу орындарының институционалдық рейтингісінің «ТОП-10» білім беру бағдарламаларына кірді!
АТУ кафедралары арасындағы рейтинг нәтижелері бойынша "Астық өнімдері және өңдеу өндірістерінің технологиясы" кафедрасы жетекші орын алады.
Кафедра ғалымдары тамақ технологиясы бойынша мамандарды даярлауды ғылыми зерттеулер жүргізумен және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлаумен сәтті ұштастырады.

кафедра меңгерушісі профессордың м. а., т. ғ. к.
e-mail: meruert_80@mail.ru

ЖТ ҒЗИ директоры, Академик, профессор, т.ғ.д.
e-mail: auelbekking@mail.ru

қауымдастырылған профессор, PhD, декан орынбасары
e-mail: asel_19701783@mail.ru

профессор-зерттеуші қауымдастырылған профессордың м.а., PhD